Әдістемелік бірлестіктер
Астана қаласы әкімдігінің «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК
Ұжымның педагогикалық мәселесі: «Бәсекеге қабілетті құрылысшы мамандарды инновациялық технологиялар арқылы дайындау».
Әдістемелік мәселе: «Кәсіби білім беруде инновациялық технологияларды пайдалану».
Колледжде 4 топтамалық әдістемелік комиссия жұмыс атқарып жатыр. Олар: Гуманитарлық топтамалық әдістемелік комиссия, Ғылыми - жаратылыстану топтамалық әдістемелік комиссия, №1 кәсіби – техникалық топтамалық әдістемелік комиссия, №2 кәсіби-техникалық топтамалық әдістемелік комиссия, 2016 жылдың 01 қыркүйегінің 01 бұйрығы негізінде әр топтамалық әдістемелік комиссияға төрайымдары бекітілді.
Инновациялық технологияларды қолданудың негізгі мақсаты - оқу сапасын көтеру. Компьютерлік технологияны қолданудағы жетістіктер: сабақтың белсенділігін күшейту; студенттердің білімге ынтасын көтеру; жетістіктерінің мониторингі.
Әдістемелік комиссия жоспарына сәйкес ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізіледі.
Инновациялық технологияларды енгізу колледждің оқу-әдістемелік жұмысында басты бағыт болып есептеледі, бұл педагог қызметкерлер қызметінде әр түрлі формада көрініс табады.
