Жаңалықтар
2020 жылдың 16-30 қыркүйегі аралығында ТжКБ студенттері арасында "ТОП-100" қалалық байқауы өтті. Республикалық байқауға өткен 30 үміткердің ішінде біздің колледжіміздің студенті Әбдікей Мерей Дарханұлы (3 курс, ЭҚ-19 тобы) да бар.
Мерейдің жетістігіне қуана отырып, байқаудың республикалық кезеңіне өтуімен шын жүректен құттықтаймыз! Асығың әрдайым алшысынан түссін, біліміңмен тек биікке өрлей бер деп тілек айтамыз!
Халықаралық "Отбасы күніне" орай, 2020 жылдың 7 қыркүйегі мен 15 қыркүйегі аралығында "Құрылыс-техникалық колледжінің" 1-курс студенттерінің арасында "Біз-тату отбасымыз" атты фотобәйге өтті.
4 маусымда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халық алдында есеп беру кездесуі
Пандемия кезінде қашықтан оқытуға байланысты оқытушылар мен студенттерге техникалық көмек көрсету мақсатында штаб құрылды. Сұрақтар бойынша келесі нөмерлерге хабарласа аласыздар:
- Татиева Жазира Хабидоллаевна 87759962999
- Ақтанова Дидар Қуатовна 87754338258
- Шаймұрат Бауыржан 87774757117
- Сейсембай Дінқауым 87021768360
E-mail: Psiholog_stk@mail.ru
Психолог: Әлібекова Ардана Ардаққызы
Әлеуметтік педагог: Жангабулова Несибелді Қайдарқызы
2020 жылдың наурыз айының 3-5 жұлдызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Құрылыс-техникалық колледж» МКҚК 1-3 курс студенттері арасында колледждегі барлық мамандықтар бойынша сапалы білім беру мақсатында «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының колледжішілік байқауын өткізді.
Колледжішілік чемпионат жеңімпаздары қалалық, Республикалық чемпионатта бақ сынайтын болады, бас байқау май айында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
2020 жылдың 20 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Құрылыс-техникалық колледжі" МКҚК "КӨЛІК және ЛОГИСТИКА" кластерін жүзеге асыру аясында "Артқы дөңгелектердің тежегіш механизмінің қалыптарын тексеру және ауыстыру" және "TOYOTA CAMRY автомобилін жарықтандыру жүйесін жөндеу" тақырыптарында мастер- класс өткізді.
Қатысушылары: Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, ҰКП «Атамекен», колледждердің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері. Іс- шараға қатысушыларға колледж директоры С. Е. Малгельдинов құттықтау сөз сөйледі.
Кластердің жұмысы барысында өндірістік оқыту шебері Н. М. Жанғабыл өз студенттерімен автомобильдің артқы дөңгелектеріндегі тежегіш қалыптарын ауыстырудың тәжірибелік дағдыларын көрсетті.
Өндірістік оқыту шебері Е. С. Аржикеев АЖД-27 тобының студенті Кусаинов Мансурмен бірге жаңа технологияларды қолдана отырып, TOYOTA CAMRY автокөлігінің жарық беру жүйесіне жөндеу жұмыстарын көрсетті.
Қатысушылар іс шараның өте қызықты жоғары дәрежеде өткендігін атап өтіп, жақсы пікірлер қалдырды. Мастер-класс өз мақсатына жетті.
13.02.2020-20.02.2020 ж. аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Құрылыс- техникалық колледжінде» 1,2,3 курс студенттері арасында воллейболдан ауыспалы «Директор кубогы-2020» жарысы өтті. Жарысқа 10 команда қатысты.
2020 жылдың 24-ақпанында жеңімпаз командаларды салтанатты марапаттау рәсімі болды:
І орын - 1 курс құрама командасы
ІІ орын - ЭҚ-17 тобы
ІІІ орын - АЖД-26 тобы
2020 жылдың 15-16 ақпанында "Нұр-Отан" партиясының бастауымен ұйымдар арасында "Қысқы спартакиада-2020" сайысы өтті. "Құрылыс-техникалық колледж" МКҚК ұжымы пимамен хоккейден І орын иеленді.
2020 жылдың 3 ақпаны мен 13 ақпаны аралығында Нұр-Султан қаласы әкімдігінің «Құрылыс – техникалық колледжі» МКҚК «Өзін-өзі тану» пәніне арналған онкүндік аясында «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Онкүндіктің мақсаты құндылықты бағдарлар арқылы білім алушылардың рухани-адамгершілік білімін қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін, өзін-өзі тануға ұмтылысын дамыту. Сонымен қатар жалпы адамзаттық құндылықтар - адамның ең негізгі бір бөлшегі, олар - адамның өмір сүруінің мәні болып табылатындығын түсіндіру.
Өзін-өзі тану пәні оқытушысы Жангабулова Н. К. және психолог Алибекова А. С. өзін-өзі тану онкүндігінің жоспарымен таныстырды.
Кітапханашы Абсаттарова Х. К. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваға арналған «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Қазақ тілі пәні оқытушысы Бижанова А.Г. «Руханилық мөлдір бұлағы» тақырыбына білім алушылар арасында эссе жазудан жарыс өткізді.
Қазақ тілі пәні оқытушысы Рүстемова Б.М. «Алтын жүрек анамыз» атты тақырыпта мәнерлеп оқудан байқау өткізді.
Математика пәні оқытушысы Кульсейтова С.А. «Ән –көңілдің ажары» сайысын ұйымдастырды.
06.02.2020 ж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Құрылыс – техникалық колледжі» МКҚК ұйымдастыруымен «Астаналық құрылыс және архитектура» кластері аясында «Көлбеулі және горизонтальды жіктерді электродтармен пісіру» атты шебер-класс өтті. Іс-шара "Дәнекерлеу ісі" шеберханасында жүргізілді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жанғырту орталығының өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Техникалық колледж, Тұран-Профи колледжі, Политехникалық колледждерінің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Құрылыс – техникалық колледжі» МКҚК директоры С.Е.Малгельдинов шебер класстың ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйледі. Өндірістік оқыту шебері Мусагалиев Р.С. білім алушылармен өз шеберлігін шыңдады. Қатысушылар оның тәжірибесімен алмасып, шебер- класс қойылған мақсатына жетті.
2020 жылдың 20 қаңтарында МКҚК «Құрылыс-техникалық колледжінде» «Педагог мәртебесі туралы» Заңға талқылау жұмыстары жүргізілді. Педагогтердің құқықтарын кеңейтуге, педагог кәсібіне қойылатын талаптарды күшейтуге, оларды материалдық ынталандыру тетіктерін кеңейтуге бағытталған «Педагогтың мәртебесі туралы» Заңның орындалуына байланысты жаңа заңның баптары түсіндірілді. Заңда оқытушылардың еңбекақысын 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25%-ға арттыру қарастырылған. Бұл заң педагогтардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуына кепілдік береді.
2019-2020 оқу жылының I-семестрі барысында "Құрылыс-техникалық колледжі" МКҚК білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені қалыптастыру мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді:
-
"Адал Ұрпақ" ерікті колледж клубының қызметі ұйымдастырылды, оның құрамына 1-2 курс студенттері кіреді, саны 25 адам;
-
"Адал Ұрпақ" клубының жұмысы аясында "Жас Отан" жастар қанатының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды";
-
2019 жылдың 6 қыркүйегінде сағат 11.00де бірыңғай қалалық және жалпы колледждік кураторлық сағаты өткізілді";
-
1 курс студенттері арасында " Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" атты қабырға газеті сайысы өткізілді;
-
оқу жылы бойы ақпараттық стенд және "Сенім жәшігі" жұмыс істейді;
-
куратор сағаттардың тақырыптық жоспарларына білім алушылардың адамгершілік және құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері енгізілді;
-
"Таза сессия" акциясы аясында студенттер мен педагогикалық қызметкерлер арасында "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" атты сауалнама жүргізілді".




______________________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 28 жыл толуына байланысты колледжіміздің ұстаздары Халетов Ертай Тавкешевич ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов атынан "Құрмет грамотасымен", Оспанова Айгуль Таңатаровна ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов атынан "Алғыс хатпен", Дүйсенбаева Кәмшат Әділбайқызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов атынан "Алғыс хатпен", Бижанова Алмагүл Газезовна "Қазақстанның ұлағатты ұстазы" жобасына қатысып "Құрмет грамотасымен" марапатталды. Әріптестерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
_____________________________________________________________________________________________
12.12.2019 күні Құрылыс - техникалық колледжде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Концерттік бағдарламамен қатар колледжде білім, спорт, мәдениет бағыттарында алда жүрген қызметкерлер мен білім алушылар марапатталды! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
__________________________________________________________________________________________
6 қараша 2019 жылы Құрылыс-техникалық колледждің 1 курс студенттеріне салтанатты түрде студенттік билеттер табыс етілді
_______________________________________________________________________________________________
С. Сейфуллин музейінің бөлім меңгерушісі М. Қойшыбайұлы С. Сейфулинің 125 жылдығына әдеби танымдық сабағын колледж кітапханасында өткізді
_____________________________________________________________________________________________
Колледж топтары арасында өткен футбол жарысы аяқталып, жемімпаздарға кубок табыс етілді. Футболдан колледж чемпиондары СС-11 тобы.
______________________________________________________________________________________________
2019 жылы 30 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Құрылыс - техникалық колледжі» МКҚК – да колледж ұжымын және студенттерді төтенше жағдай /өрт қауіпсіздігі/ болған жағдайда колледжден эвакуациялау жұмысы жүргізілді.
______________________________________________________________________________________________
22.10.2019 Құрылыс-техникалық колледжде "Үздік креативтік орындаушы", "Үздік дуэт", "Үздік вокал" атты іс-шара өтті
_______________________________________________________________________________________________
Колледж жатақханасында "Тіл-ұлттың тарихи жетістігі" атты іс-шара өтті. Ұйымдастырушы-тәрбиеші: Абдікенова Г.А.
_______________________________________________________________________________________________
24.09.2019 жылы Құрылыс - техникалық колледждің кітапханасында "Абайды оқы, таңырқа!" атты сабақтан тыс іс-шара өтті. Жауапты Исабаева К.А., Жангабулова Н.К.
___________________________________________________________________________________________
18.06-22.06 аралығында Құрылыс-техникалық колледж ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ/МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН аккредиттеуден өтуде.
_____________________________________________________________________________________________
16.05.2019 жылы Құрылыс-техникалық колледжде "Өрт қауіпсіздігі" болған жағдайдағы эвакуациялау жұмысы жүргізілді...
______________________________________________________________________________________________
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Құрылыс-техникалық" колледжінде WorldSkills Kazakhstan чемпионатының қалалық турында 14 жүлделі орынмен қала бойынша колледждер арасында ІІ орынға ие болды.
_____________________________________________________________________________________________
18.04.2019ж Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Құрылыс – техникалық колледжі» МКҚК және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» ұйымдастыруымен «Астаналық құрылыс және архитектура» кластері аясында «Астаналық құрылыс және сәулет :кәсіби кадрларды даярлау перспективалары» тақырыбындағы қалалық семинар өтті.
___________________________________________________________________________________________
Құрылыс-техникалық колледжде WorldSkills Kazakhstan чемпионатының колледжішілік іріктеу турының женімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Жеңімпаздар колледж намысын қалалық сайыста қорғайтын болады
______________________________________________________________________________________________
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Құрылыс-техникалық" колледжінде WorldSkills Kazakhstan чемпионатының колледжішілік іріктеу туры басталды. Іріктеу турына 10 біліктілік бойынша 30 білім алушы қатысуда
____________________________________________________________________________________________
2019 жылғы наурыздың 13 күні Астана қаласы әкімдігінің «Құрылыс – техникалық колледжі» МКҚК кітапханашылардың «Үздік кітапханашы» атты қалалық байқауы өтті. Байқау «Білім беруді жаңғырту орталығы» КММ және Астана қаласының Білім басқармасы мен «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының қаржылық колдауымен өткізілді. Байқаудың мақсаты талантты, іздемпаздық жұмыс істейтін кітапханашыны анықтау. Байқау екі кезеңнен: қашықтықтан және әділқазылар қатысуымен өтті. Әділқазылар алқасы және сарапшылар «Білім беруді жаңғырту орталығы» және Астана қаласының Білім басқармасы мен «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының мүшелерінен құралды. Байқауға катысушы колледж кітапханашысы Абсаттарова Х.К. тәрбие сағатын өткізді,тәрбие сағаты тақырыбы «Толеранттық - тарих тағлымы».Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушыларды қазақ ұлтына тән имандылыққа,үлкенді сыйлауға , әдептілікке үйрету және ұлттар арасындағы достықты,бірлікті сақтай отырып, ұлтжандылыққа,отансүйгіштікке тәрбиелеу.Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті,әділ қазылар және қатысушылар алғыстарын айтып өз ойларымен бөлісті.
__________________________________________________________________________________________
12.03.2019 ж Astana qalasy Bilim berydi jangyrty ortalyqy және Астана қаласы әкімдігінің «Құрылыс – техникалық колледжі »МКҚК уйымдастыруымен «Транспорт және логистика» кластері аясында «Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру бойынша жұмыстарды көрсету» атты іс шара өтті.Іс шара «Repair Auto» автокөлік қызметі ғимаратында қатысушыларды қабылдады.Қатысушылар Астана қаласы әкімдігінің Білім беруді жанғырту орталығы өкілдері, Астана қаласы бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері. Іс шара ашылуы рәсімін Астана қаласы әкімдігінің Білім беруді жанғырту орталығы ҚММ әдіскері Көшербай Жанар Арнауытқызы Алғы сөзбен бастады.Экскурсиядан кейін «Құрылыс – техникалық колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері Әбдірейімов Алмас Болатович тақырыппен және қауіпсіздік ережесімен таныстырды.Жоспарға сәйкес Презентациядан кейін тәжірибе алмасу ретінде «Әйнек тазартқыштың рычагын алмастыру» тақырыбына көрермендерге шеберлік сабағы жургізілді.Соңында қатысушылар өздерінің пікірлерін және алғыстарын айтты.
_____________________________________________________________________________________________
6 наурыз 2019 ж.«Үздік жас маман» қалалық конкурсы Астана қаласының Білім басқармасы мен «Білім беру жаңғырту орталығы» бастамасымен уйымдастырылған . Конкурс өткізу ережесі мен тәртібі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. Конкурс Астана қаласы мемелекеттік білім беру ұйымдарының жас педагогтары арасында өткізілді.Конкурс ІІІ кезеңнен турды, конкурстың қалалық кезеңі 30 қаңтар мен 6 науырыз аралығында өтті.Ішкі кезеңге сырттай кезеңді сәтті өткен 7 педагог жіберілді. Құрылыс-техникалық колледжінен өндірістік оқыту шебері Досмырзаева Қасиет Камалқызы қатысып «Жігерлі жас маман» номинациясы бойынша ақшалай сыйлықпен Білім басқармасының Сертификатымен марапатталды.
_______________________________________________________________________________________________
Өндірістік оқыту шебері Елубаева Гульзада Ержигитовна - Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивтік білім берудің үздік педагогы республикалық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, ІІ орын иеленді
_________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
Хабарландыру!
2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "Құрылыс - техникалық колледж"МКҚК ғимаратының жөндеу жұмыстарына байланысты 1-2 курс білім алушылары үшін оқу процессі Қарасай батыр 19 мекен-жайында орналасқан "Көпбейінді колледж" МКҚК -де жүргізіледі.
Оқу кестесі: 14:00 ден 20:00-ге дейін
Студенттер жатақханасы Бөгенбай батыр 43 мекен - жайында.
__________________________________________________________________________________________________
9 мамыр күні Қазақстанда атаулы Ұлы Отан соғысының Жеңісі күні аталып өтеді. Біздің ел үшін бұл күннің ерекше маңызы бар. Бұл майдан алаңында кеткен, соғыстан кейін де жарақаттан қайтыс болғандарды еске алу күні. Осы соғыстан тірі қалған ардагерлерге құрмет көрсету, соғыс туралы тарихи естеліктерді сақтап қалу, бір де бір солдатты ескерусіз қалдырмау, соғыс ардагерлері мен еңбек ардагерлеріне, соғыс уақытында туылған балаларға қаһармандық ерлігі үшін алғыс білдіру – жеңімпаздар алдындағы біздің борышымыз.
2018 жылғы 4 мамыр күні «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК акт залында студенттер мен қызметкерлерге арналған: «Еңсесі биік – ұлы Жеңіс!» мерекелік концерті
__________________________________________________________________________________________________
2018 жылғы 26 сәуірде «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК: "Қазақстан-біздің ортақ үйіміз" мерекелік концерті өтті (1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған).
__________________________________________________________________________________________________
«Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК-нде «Кәсіптік оқытудың үздік шебері және арнайы пәндер оқытушылары- 2018» атты конкурс өткізілді.
Байқаудың жеңімпаздары:
І орын Әбдіреймов А.Б.,
ІІ орынды Қалықова Г.Ж., Жаналинова З.А.,
ІІІ орын Жанғабыл Н.М.
қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
__________________________________________________________________________________________________
2018 жылы 4 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК – да Азаматтық қорғаныс күніне орай колледж ұжымын және студенттерді төтенше жағдай /өрт қауіпсіздігі/ болған жағдайда колледжден эвакуациялау жұмысы жүргізілді.
_____________________________________________________________________________________________
05.02.2018 ж. бастап 12.02.2018 ж. дейін " Құрылыс-техникалық колледжі" МКҚК-да "Сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы" декадасы ұйымдастырылды, соның аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
1. "Мейірім төгетін ана" тақырыбына арналған көрме, жауапты Әбсаттарова Х.К.
2. "Патриот, адамгершілік, мейірімділік" тақырыбына арналған пікір-талас, жауапты Әлібекова А.А.
3. "Өнеге отбасынан", "Адамның жүрегін жылытатын мейрімділік күні" атты ашық сабақтар, жауаптылар Жангабулова Н.Қ., Әлібекова А.А.
4. 1 курс топтарының арасында "Ана, бейбітшілік, достық, өзара сыйластық" тақырыбына арналған көрме (суреттер, қолөнер бұйымдары, жауаптылар Жангабулова Н.К., Әлібекова А.А.
5. Бірінші курс студенттерінің арасында "Ән көңілдің ажары" тақырыбына арналған ән байқауы, жауапты Мырзаханова М.М.
6. Бірінші курс студенттерінің арасында "Алтын жүрек анамыз " тақырыбына арналған өлең сайысы, жауапты Бижанова А.Г.
7. "Аққулар ұйықтағанда" тақырыбына арналған театрлық қойылым, жауапты Дүйсенбаева Қ.Ә.
8. Мерекелік концерт (оқытушылар мен білім алушылар)
Декаданың ұйымдастырушылары колледждің психологиялық қызметі.
______________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
_2018 жылғы 31 қаңтарда "Құрылыс-техникалық колледжінде" Қазақстан Республикасы астанасының 20-жылдығына арналған Астана қаласы білім саласының қызметкерлерінің арасында көркем-өнерпаздар байқауы өтті. Байқауды Астана қаласы Білім басқармасымен бірге «Әділет» кәсіподағы өткізді.
Колледж ұжымы көркемөнерпаздар байқауының бағдарламасында түрлі нөмірлер мен композицияларды көрсетті:
Астана қаласы Білім басқармасы мен «Әділет» кәсіподағы көркем-өнерпаздар байқауының қорытындысы бойынша колледж ұжымына қатысқаны үшін дипломдар берді.
_________________________________________________________________________________________
2017 жылғы желтоқсан айының барысында "Құрылыс-техникалық колледжінде" студенттердің мәдени-адамгершілік, құқықтық, ақпараттық тәрбиесі мен оқу процесінен тыс кезіндегі бос уақыттарын ұйымдастыру бағыттарындағы әртүрлі тәрбиелік іс-шаралар өтті:
___________________________________________________________________________________________
2017 жылғы 26 желтоқсанда "Құрылыс-техникалық колледжінде" жалпыколледждік «Жаңа жылды» тойлау мерекесі аясында "Кел, Жана жыл, ортаға" мерекелік концерті мен 1-2 курс студенттерінің арасында «Жаңа жылға» арналған стенгазеттер байқауы өтті. Колледжде 13 жетім студенттер оқиды, колледж әкімшілігі оларға жаңа-жылдық сыйлықтар берді.
____________________________________________________________________________________________
2017 жылғы 22 желтоқсанда "Құрылыс-техникалық колледжінің" 1-2 курс студенттерінің арасында "Жасөспірімдердің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігі " тақырыбына әңгімелесу өтті. Лекцияны: "Алматы" ауданы ОЮП МПС ІІБ полициясының майоры - Бексұлтанов Б.И. өткізді.
____________________________________________________________________________________________
2017 жылғы 14 желтоқсанда "ҚР Тәуелсіздік күні" мерекесін тойлау аясында "Құрылыс-техникалық колледжінде" «Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы» атты салтанатты концерт өтті.
______________________________________________________________________________________________
2017 жылғы 12 желтоқсанда "Құрылыс-техникалық колледжінде" 1-2 курс студенттері мен "ЖИТС алдын алу және күресу орталығы" маманы Нұрмағамбетова А.Т арасында кездесу өтті.
___________________________________________________________________________________________
2017 жылғы 7 желтоқсанда студенттердің ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында: "Терроризм және діни экстремизм" тақырыбына әңгімелесу өтті, кездесуге "Науан-Хазрет" мешітінің имамы Мейіржан Рахматұлы мен "Діни мәселелерді зерттеу орталығы " маманы Серікбаева Г.И. қатысты.
________________________________________________________________________________________
1 семестр барысында 2017 жылғы қазан-желтоқсан айларының аралығында "Алматы" ауданы ОЮП МПС ІІБ және колледждің ИДН инспекторы Ысқақова М.Е. қолдауымен «Құрылыс-техникалық колледжінің» жатақханада тұратын студенттері мен қалалық есепте тұратын студенттер бірнеше рет "Барыс" ХК хоккей контенинталды ойындарына қатысты.
_________________________________________________________________________________________
Студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру және 9-желтоқсан – Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күнін атап өту мақсатында «Құрылыс-техникалық колледжінде» 7-11 желтоқсан күндері «Жемқорлық – жоқ» қабырға газетінің байқауы өтті. Байқауға 1-2 курс студенттері қатысты. Қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
____________________________________________________________________________________________
1 желтоқсан күні Халықаралық ЖИТСмен күрес күні аталып өтті. Дүниежүзілік ЖИТСпен күрес күнін өткізу идеясын алғаш рет Дүниежүзілік денсаулықсақтау мекемесі ұсынды, оны әлемнің 140 елінің өкілдері қолдады. Осы іс-шара алғаш рет 1988 жылы 1 желтоқсан күні аталып өтті, онда барлық елдің денсаулық сақтау министрлері әлеуметтік сабырлылыққа және ВИЧ/ЖИТС бойынша ақпараттар алмасу аясын кеңейтуге шақырды.
2017 жылғы 4 - 6 желтоқсан күндері "Құрылыс-техникалық колледжінде" "ЖИТС және наркомания - XXI ғасыр обасы" қабырға газеті байқауы өтті. І,ІІ,ІІІ орын алған байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен мадақталды.
______________________________________________________________________________________________
2017 жылғы 30 қарашада колледждің 1-2 курс студенттері: Тәжібай Абай, Шанкей Сейтек, Нұрбек Арман № 55 орта мектебінің оқушыларымен бірге Астана қ. 6636 Ә/Б өткен «Президент күнін» тойлауға арналған концерттік бағдарламаға қатысты. Концертке қатысушылар мақтау қағаздарымен мадақталды.
_________________________________________________________________________________________
2017 жылғы 29 қарашада колледжде: "«Біздің еліміз – біздің Елбасымыз» тақырыбына Президент Күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жауапты куратор: Калыкова Г.З.
Мереке қонақтары: "Жас барыс" - "Спорттық-би жанры орталығы" бишілер тобы (Оқушылар сарайы)
___________________________________________________________________________________________
2017 жылғы 22 қарашада Астана қаласының «Репродуктивтік медицина орталығының» гинеколог-маманы Бесмұхамбетова Н.М 1 курс студенттерінің арасында «Жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар» тақырыбына алдын ала әңгімелесу өткізді. Кездесу аясында жастардың рухани-жыныстық тәрбиесінің өзекті мәселелері талқыланды
________________________________________________________________________________________
2017 жылдың 29 қарашасында «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК (Астана уақытымен 11:00-де) педагогтар ұжымы мен 1-ші курс студенттерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу біріңғай сағаты» атты іс-шара өткізілді.
Аталған біріңғай іс-шара шеңберінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша және мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталып жүргізіліп жатқан ортақ саясаттың маңыздылығы және сыбайлас жемқорлықтағы өзекті мәселері тақырыбында жүргізілді.
_____________________________________________________________________________________________
2017 жылғы 16 қарашада «Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады!!!» атты жалпыколледждік шығармашылық (мастер+студент) жұптық байқау өтті. Жауаптылар: Нигметова К.Ж және музыка жетекшісі Калимусаев А.К.
Байқау позитив, достық және шығармашылық атмосферасында өтті. 8 жұп өнер көрсетті: 1. Ө/о шебері Ахметова Зубайра Бекматовна және Нуриденов Айбек «Арыс жағасында» әнімен.
2. Ө/о шебері Мусагалиев Рүстем Серікұлы және студент Шанкей Сейтек «Аппақ-қар» әнімен.
3. Дүйсенбаева Камшат Әділбайқызы және студент Нұрбек Арман «Бала махаббат» әнімен.
4. Ө/о шебері Ақтаева Салтанат Шаухатбекқызы және Мухаметалинов Айдархан Қанатұлы «Егіз-лебіз» әнімен
5. Ө/о шебері Жигитбаев Қайрат Ғабиденұлы және мед қызметкер Бейсенова Айнаш Тоқмағанбетқызы «Сырласу» әнімен.
6. Майлыбаева Ғалия Калдыбекқызы және студент Мұратбеков Ерсін «Тау-Тау сезім» әнімен.
7. Дүйсенбаева Камшат Әділбай қызы және студент Дүйсенбаев Ерасыл «Адай» әнімен.
8. Ө/о шебері Жаналинова Зауре Айтжанқызы және студент Бекко Николай «Она вернётся» әнімен
Кештің жүргізушілері шығармашыл жұп: ө/о шебері Әбилтайқызы Айнур және 1 курс студенті Тұрсұнов Әділ
_____________________________________________________________________________________________
2017 жылғы 15 қарашада колледжде Студенттік кеңес Президентінің салтанатты инагурациясы өтті, оған 1 курс ЭМ-18 тобының студенті Амирханов Батырбек сайланды.
Студенттік кеңес құрамы мен ЖІК 1 курс студенттерімен толық қалыптасты. Колледжде студенттік өзін өзі басқару жұмыс істейді.
____________________________________________________________________________________________
2017 жылғы 8 қарашада СС-9 тобында; «Біз СӨС қолдаймыз!» тақырыбына ашық сынып сағаты өтті, жауапты куратор Калыкова Г.З.
Ашық сынып сағатында СӨС, дұрыс тамақтануға, спортпен шұғылдануға, өзіне күтім жасауға (жеке гигиена) байланысты маңызды сұрақтар талқыланды
_____________________________________________________________________________________________
2017 жылғы 6 қарашада колледж кітапханасында 2 курс ССМС-1 тобымен: «Өнеге отбасынан» атты тәрбиелік іс-шара өтті, жауапты ұйымдастырушы: кітапхана меңгерушісі Абсаттарова К.К.
Іс-шара сенімділік, құрметтеу және мейірімділік атмосферасында өтті, студенттер отбасы құндылықтары, отбасылық тәрбие, біздің қоғамдағы отбасының рөлі туралы тақырыптарды талқылады.
_____________________________________________________________________________________________
2017 жылдың 31 қазанында «Бақытты жанұя- бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында АВСТ-2 тобының білім алушылары «Алкон+» ЖШС-не бағыт-бағдар беру экскурсиясына қатысты
___________________________________________________________________________________________
2017 жылғы 23 қазанда «Құрылыс-техникалық колледжінің» мәжіліс залында «Нұр Отан» мен педагогтар ұжымының пресс-конференциясы өтті. Кездесу барысында Қазақстанда болып жатқан экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалар мәселелері, «Рухани жанғыру» бағдарламасының жүзеге асуы мен «Нұр Отан» партиясының жұмыстары талқыланды.
___________________________________________________________________________________
2017 жылғы 19 қазанда «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК 1-2 курс студенттері Жастар саясаты басқармасының және Астана қ. Дін мәселелері басқармасының өкілдерімен, «Әзірет Сұлтан» мешітінің имамы Ғазиз Ахметпен кездесті. Осы маңызды кездесуде терроризм мен діни экстремизмнің қазіргі заманға келтірген зардабы сияқты және басқа да қоғамдағы маңызды мәселелер талқыланды.
__________________________________________________________________________________
2017 жылғы 17 қазанда колледжде «Студенттікке қабылдау» атты мерекелік іс-шара өтті. 1 курс студенттерінің барлығы: 212 адам, соның ішінде 12 адам инклюзивті оқу бағдарламасы бойынша білім алатын МШ-15 тобының студенттері.
____________________________________________________________________________________
9-11 қазан айында колледжде Мүгедектер күніне арналған іс-шаралар өтті:
▲ «Көбелек» акциясы: 1-2 курс студенттері өз қолдарымен көбелектер жасап, денсаулық, бейбітшілік және басқа да ізгі тілектерін білдірді;
▲ 1 курс МШ-15 инклюзивті оқыту тобында «Мы все рожденный равными» тақырыбына ашық кураторлық сынып сағаты өтті . Топ жетекшісі ө/о. шебері Соломанина Н.Н.
Біздің колледжде: 569 студент білім алады,
Соның ішінде: 17 студент мүгедек
2 топтағы мүгедектер: 16 адам
Жастайынан мүгедек : 1 адам
_____________________________________________________________________________________________
2017 жылы 5 қазанда АВСТ-2 тобының студенттері «Ұлттық Академиялық кітапханасында» экскурсияда болды, «Қаралы көш» романының авторы жазушы Ж. Жадидің әдеби кешіне қатысты, сонымен қатар Астана қаласы сол жағалауының көрікті жерлеріне шолу экскурсиясын жасады, «Бәйтерек» монументіне барды.
Студенттер Қазақстанның әдеби қоры туралы, Астана қаласы құрылысының тарихы туралы мол ақпараттар алды, шолу экскурсиясынан эстетикалық, рухани байлық алды.
_____________________________________________________________________________________________
2017 жылғы 3 қазанда 1-2 курс студенттері Қазақстан Республикасы Алғашқы Президентінің мұражайына экскурсияға барды.
Қазақстан Республикасы Алғашқы Президентінің мұражайы – бұл Қазақстан тарихындағы жаңа мұражай. Ол Президент Жарлығымен 2004 жылы 28 тамызда құрылды. Мұражай елбасының алғашқы резиденциясына келушілерді 2005 жылы наурыз айында қабылдады.
Экскурсия барысында: Президентіміздің биографиясы, еңбек жұмыстары, марапаттаулары, медальдары, атаулы күндерге арналған ескерткіш медальдарының коллекциясы, ҚР мерейтой медальдары, жиналыстар мен әртүрлі қонақтармен кездесулер өткізетін кабинеттер туралы ақпараттар алдық.
___________________________________________________________________________________________
2017 жылғы 30 қыркүйекте «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК АЖД-25 тобының студенттері (ө/о шебері Нечитайлов А.С.) экология айы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке, Оңтүстік-Шығыс территориясын көгалдандыру – ағаш отырғызуға қатысты. Жауапты ұйымдастырушы: «Алматы» ауданының әкімдігі.
__________________________________________________________________________________
2017 жылғы 29 қыркүйекте «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК-да Ұстаздар күніне арналған жалпыколледждік мерекелік концерт өтті, еңбек ардагерлері осы іс-шараның қонағы болды
___________________________________________________________________________________
2017 жылдың 02-05 мамыр аралығында «Көрме» көрме орталығында өткен Worldskills Kazakhstan ұлттық чемпионатында 2 курс студенті Жолымқасов Әли «Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша ІІІ орын иеленді.
_________________________________________________________________________________________