Главная / COVID-19 туралы

COVID-19 туралы

WhatsApp Image 2020-11-20 at 12.02.03

WhatsApp Image 2020-11-20 at 12.02.02 (3)

WhatsApp Image 2020-11-20 at 12.02.01

WhatsApp Image 2020-11-20 at 12.02.02 (2)

WhatsApp Image 2020-11-20 at 12.02.00

COVID туралы ақпарат
COVID туралы ақпарат
Профилактика шаралары:
  • қол және тынысалу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы мұқият жуу; мұрынды изотон ерітіңдімен жуу;
  • иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау; дұрыс тамақтану, спортпен айналысу;
  • бөлмені желдету;
  • жиі қолданылатың заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;
  • катарал құбылыстары бар тұлғалармен қарым-қатынас жасамау;
  • коронавирус жағдайы тіркелген, қауыпты аймақтарға сапарға шықпау;
  • адам көп жиналған жерлерден алшақ болу.
Коронавирус инфекциясы деген не?
1. коронавирус- вирус инфекциясының 2019 nCoV деп аталатын жаңа типі;
2. жоғары тынысалу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруына өкпенің қабынуына, өлім-жітімге себеп болуы мүмкін;
3. 2019 жылы Қытайдын Ухань провинциясында анықталды;
4. вирус басқа елдерге сапарға шыққан адамдармен бірге таралады;
5. коронавирусты жұқтырғандар мен вирустан қайтыс болғандардың басым бөлігі Қытайда тіркелген:
6. Хубей провинциясының 15 қаласында карантин  жарияланып, тұрғындарға қаладан шығуға тыйым салынған;
7. Індет ошағына автобус  пен пойыздардың қозғалысы, ұшақ рейстері тоқтатылды.​​​​​
Коронавирус белгілері:
  • 90% жағдайда қызу мен дене қызуының көтерілу (38С не одан жоғары);
  • қалтырау;
  • бас ауруы;
  • 80 % жағдайда құрғақ, өнімсіз жөтел;
  • 20%  жағдайда тыныс алудың қиындауы;
  • әлсіздік;
  • есінен тану (өкпе тінінің үдемелі зақымдануынан);
  • кеуде тұсындағы ауырсыну сезімі;
  • миалгия.
Иммун  жүйесі әлсіз әрі нашарлаған адамдар, сәбилер мен қарттар вирусты тез жұқтыруы мүмкін.
Инкубация кезені- 2 күннен 14 күнге дейінгі аралықта.
 
Инфекцияның берілу жолдары:
1. көп жағдайда ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тарайды;
2. тұрмыстық байланыс арқылы: жеке байланыс ( жанасу, кол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу).
Вирустың адамнан адамға берілетіні анықталып дәлелденді
Кеуде торы рентгенографиясы екі өкпенің бірдей зақымдалуын көруге болады. Ауруханаға түскен кездегі өмір көрсеткіштері (дене қызуы, жүректің жиырылу жиілігі не пульс, тыныс жиілігі, қан қысымы) тұрақты. Қан талдауында лейкоциттердің төмендеуі (лейкопения мен лимфопения) анықталады.